Закрыть
Заказать звонок менеджера

Оставьте Ваши данные, чтобы наш менеджер связался с Вами




Киім өндірісі

Киім өндірісі

«Казлегпром-Алматы» ЖШС тігін өндірісінде киім жобалау бөлімі, кесіп дайындау цехы, тігін цехы және қосалқы цехтары бар. Өндіріс қуаттылығы жылына 1,5 млн. Тігін өнімін жасап шығарады. Фабрика өндіріс барысында ешқандай ақаусыз, сынақтардан өткен сапалы шикі заттарды қолданады. Көптеген сынақтардан өту жолында фабрика өнімдері сапа стандартына толығымен сай келеді.

 

Бөлімнің жұмыс барысы киім үлгілерінің дизайнын жасап, өндіріске дайындауға негізделген. Дизайнер, модельер-құрастырушы, технолог, тігіншілер бірлесе жұмыс жасайды. Тапсырыстарды қабылдап, тұтынушыға беру аралығынды өндіріс уақытын үнемдеу үшін автоматтанған жобалау программаларын қолданады.

Бөлімде маталарды қадағалап қабылдау, «Gerber Technology» компаниясының автоматты құралымен кесу жұмыстары атқарылады.

Өнімді әлемнің алдыңғы қатарындағы (Германия, Жапон, АҚШ) өндірушілердің заманауи, жоғары технологиялық құралдарымен тігін цехында құрастырып, шығарады. Олардың ішінен матаның барлық түріне кестелеп салатын 16 инелі, «Tajima» (Жапон) автоматты кесте машинасын айтуға болады.

Фабрикада үлгі жасау, кесу барысында шыққан қалдық мата қиындыларын қайта қолдану жұмысы жүріледі. Жасалынып шыққан өнімдер- жастықтар, төсеніштер, диванға арналған декоративті жұмсақ жастықтар, естелік бұйымдары үлкен сұраныста.

.

Басқа сұрақтарыңыз болса

Бізге хабарласыңыз

+7 (727) 331-12-00

Немесе

Өзіңіз жайлы мәліметтерді қалдырыңыз және біз сізге хабарласамыз

Менеджердің қоңырауына жазылып қою