Закрыть
Заказать звонок менеджера

Оставьте Ваши данные, чтобы наш менеджер связался с Вами




Компания туралы

DSC_2829 (2)

Басшының үндеуі

Құрметті тұтынушылар мен әріптестер!

«Казлегпром-Алматы «ЖШС тігін және аяқ киім фабрикасының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Мұнда сіздер фабрикамыздың қызмет ету аясы, өндірілетін өнім, қол жеткен жетістіктер және болашақтағы даму жоспарлары туралы мәліметтермен таныса аласыздар.

Біз сіздермен ашық сұхбаттасуға және өзара қызмет етуге дайынбыз!

Тігін және аяқ-киім фабрикасы «Казлегпром- Алматы» ЖШС

«Казлегпром-Алматы» ЖШС Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің тігін және аяқ-киім саласындағы жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындардың бірі болып, нарықта 2011 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Басты мақсаты Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп нарығын тігін және аяқ киім саласында бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Қысқа мерзім ішінде фабрика жоғары сапалы, үлкен көлемде өнім өндіруге мүмкіндік беретін әлемнің алдыңғы қатардағы өндірушілерінің (Германия, Жапония, АҚШ) заманауи, әрі жоғары технологиялық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Онда білікті мамандардың саны 450 қызметкерлерді құрайды. Көп сатылы бақылаудың арқасында фабриканың өнімдері сапа стандарттарына сай келеді. «Казлегпром-Алматы» ЖШС ИСО 9001-2009 «Сапа менеджмент жүйесі» және ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі» ҚР СТ талаптарына сай сапа менеджменті жүйесін сертификаттап енгізген. Киім және аяқ киім фабрикасының өндірістік қуаттылығы жылына 1,5 млннан астам әр түрлі тігін бұйымдары, 500 мың дана жоғары аяқ киім өндіруге шамалы. Фабриканың барлық өнім түрлері СТ-KZ сертификатына ие, онда ЖҚҮ (жергілікті құрамдастың үлесі) жеткілікті деңгейде жоғары (52-ден 84%-ға дейін).  

Біздің жетістігіміз

Бізге сенеді

Біздің сертификаттарымыз

«Казлегпром-Алматы» ЖШС фабрикасындағы Шебер оқу орталығында тігін және аяқ киім өндірісінің мамандары қосалқы жоғары технологиялық оқумен біліктілігін арттырып«Алматы қаласы, Халықты жұмыспен қамту» бағдарламасына жаңа маман ретінде қамти алады. Даму кезеңіндегі төрт жыл ішінде бірқатар бәсекелестікке қол жеткізген. Мысалы, 2014 жылы өндіріс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 3 есеге жоғарылаған.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС жетістіктері ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • Астана қаласындағы көрме-форум қорытындысы бойынша «NADLoC жергілікті құрамды дамыту бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ берген «Қазақстанда жасалған» сертификатының иегері;
  • «Қазақстанның үздік тауары-2015 ж.» аймақтық көрме-конкурсының жеңімпазы;
  • «Нұрлы жол» номинациясының және «Жыл патриоты-2015» конкурсының жеңімпазы;
  • «Қазақстанның үздік тауары-2015 ж.» республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы;
  • Алматы қалалық кіріс Департаментінің «Жылдың үздік салық төлеушісі – 2015» Құрмет грамотасының иегері.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС стратегиялық мақсаты Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп нарығын бәсекеге қабілетті отандық өніммен қамтамасыз ету. Осыған байланысты тұтынушылар сұранысы мен қанағаттану деңгейін бағалау бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізілуде. Алдағы бес жылда фабрика өнімінің сауда маркасын тұтынушылар санасында қазақстандық «QLP» бренд ретінде жариялауды жоспарлаумен қатар тоқыма және теріден дайын өнім шығару циклін қамтамасыз етуді көздейді.

QLP - линия успеха

Біздің бейне-жазбаларымыз

Басқа сұрақтарыңыз болса

Бізге хабарласыңыз

+7 (727) 331-12-00

Немесе

Өзіңіз жайлы мәліметтерді қалдырыңыз және біз сізге хабарласамыз

Менеджердің қоңырауына жазылып қою